19 маусым 2020 | 15:49

Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді

"Алматы облысы аумағында карантин шараларын күшейту туралы" Алматы облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 12 маусымдағы 16 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Алматы облысы аумағында карантин шараларын күшейту туралы" Алматы облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 12 маусымдағы 16 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, бассейндердің жұмысы тоқтатылды.

Реклама
Реклама

"Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қапшағай қаласының әкімдері 2020 жылғы 20-21 маусым аралығында туристік аймақтар мен ұлттық парктерге кіруді жабуды, ал көрсетілген аймақтардағы тұлғалар – әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз етсін", - делінген қаулыда.

"Сонымен қатар, аудандар мен қалалар әкімдері, "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының онлайн форматта жұмысын қамтамасыз етсін, онлайн форматта көрсету мүмкін емес жағдайда электрондық кезекпен алдын ала жазылу бойынша сағат 10:00-ден 16-00-ге дейін жұмыс кестесімен және халықтың жиналуына жол бермеу және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында басқа да қызметтерді қамтамасыз етсін;

Объектілердің аумағына кіре берісте дезинфекциялық тосқауылдарды және/немесе тоннельдерді орнату;

Жағажайларға баруды қоспағанда, демалушылардың объектілер аумағынан тыс жерде болу және демалудың барлық уақытында шығуына тыйым салу;

Елді мекен ішіндегі маршруттарда қоғамдық көлік санын көбейту, жолаушыларды маскаларсыз жібермеу және барлық отырғызу орындарын толтырғанын қадағалау үшін қызметкерлермен (кондукторлармен) қамтамасыз ету;

Әрбір мемлекеттік органда (ұйымда), ұлттық компанияларда, басқа да офистерде Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 23-қосымшасына сәйкес әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, осы ұжымда COVID-19 сырқаттанушылық тіркелген жағдайда ауыстыру үшін басшы және атқарушы құрамдар қатарынан негізгі және қайталаушы топты қалыптастыруды көздеу. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80 пайызы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады;

Халықтың жиналуына жол бермеу және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында банктердің, пошта бөлімшелерінің алдын ала жазылу, электрондық кезекпен және басқа да шаралар бойынша жұмысын ұйымдастыру.

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, білімді бағалаудың (Ұлттық бірыңғай тестілеу, білім беру қызметкерлерін біліктілік тестілеу, олимпиадалар, түсу және бітіру емтихандарын) барлық түрлерін өткізуді қоспағанда, білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқыту;

Халық саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуін тоқтата тұру, 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу қою;

65 жастан асқан азаматтарды қоспағанда, облыс ішінде және одан тыс жерлерде еркін қозғалуға (қозғалуға) рұқсат етіледі;

Облыс аумағынан тыс жерлерге, елді мекендер ішінде бірінші қажеттілік тауарларынан, дәрі-дәрмектермен және зейнетақы төлемдерінен басқаны есепке алмағанда, елді мекендер ішінде, облыс аудандары мен қалалары арасында 65 жастан асқан азаматтардың жүріп-тұруы шектеледі;

Кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше жүруіне тыйым салынады", - делінген қаулыда. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная