26 қыркүйек 2024 | 10:28

Алматы облысында “Қазпоштадан“ миллиондаған қаржыны жымқыру дерегі анықталды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматы облысының прокуратурасы "Қазпоштада" қомақты қаражатты жымқыру әрекеттерін ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының прокуратурасы "Қазпоштада" қомақты қаражатты жымқыру әрекеттерін ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының прокуратурасы көрсетілген мемлекеттік қызметтер үшін қаражаттың түсуіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша "Қазпошта" АҚ-да бюджет қаражатын ысырап ету фактілерін анықтады.

Осы факті бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, іс жүргізу Алматы облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне берілді.

Реклама
Реклама

Тергеу барысында "Қазпошта" АҚ кассирлері түбіртектерді бұрмалау арқылы төленген мемлекеттік баж салығының бір бөлігін заңсыз иемденгені анықталды.

Қылмыстық схема 2021 жылдан 2023 жылға дейін төлқұжаттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу кезінде жүргізілген.

Келтірілген залал сомасы 80 миллион теңгеден астам.

Сот үкімімен 2 кассир аса ірі мөлшерде (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) бөтен мүлiктi иемденіп алғаны үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру және материалдық жауапты, сондай-ақ басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салу түріндегі жаза тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная