10 маусым 2020 19:38

Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп жатыр

Алматыдан 35 шақырым жердегі қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Үш гектардан астам жер жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан 35 шақырым жердегі қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Үш гектардан астам жер жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт 10 маусымда сағат 14.26-да басталған. Сол кезде Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы хабарлама түскен. Алматы - Өскемен көлік жолына жақын жерде Іле ауданындағы қоқыс полигонында тұрмыстық қатты қалдықтар өртенген.

Реклама
Реклама

"Шамамен 3 гектар аумақ (полигонның жалпы ауданы 38 гектар) өртенген. Өрт секундына 3 метрге дейін, арасында секундына 7 метрге дейін соққан желдің салдарынан шыққан. Алматы облысы ТЖД 16 қызметкері, "АДК Таза-Әлем" ЖШС 30 қызметкері, жергілікті атқару органдарының 10 қызметкері бірнеше техниканың көмегімен сөндіріп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Өрт сөндірушілерге төбеден сөндіру керек болып тұр. Алайда қатты желдің салдарынан тікұшақ ұша алмайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram