Алматы облысында көлік жүргізуші бес оқушыны қағып кетті

Polisia.kz

Алматы облысында 28 жастағы Lexus көлігінің жүргізушісі бес оқушыны қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысында 28 жастағы Lexus көлігінің жүргізушісі бес оқушыны қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"25 қазанда сағат 19:50 шамасында 28 жастағы Lexus көлігінің жүргізушісі Алматы - Шелек - Қорғас автожолымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Арман ауылының маңында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен", - деп хабарлайды Алматы облысы полиция қызметкерлері.

Реклама
Реклама

Апат салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған бес бала ауруханаға жеткізілді. Айта кетейік, жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен.

Қазір іс бойынша қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама