ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қаңтар 2023 | 12:26
Алматы облысында колония басшысының орынбасары Желідегі видеодан кейін қызметінен босатылды
Алматы облысында колония бастығының орынбасары атқарып отырған лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында колония бастығының орынбасары атқарып отырған лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаңтарда әлеуметтік желілерде Алматы облысының колониясындағы заңсыз кездесулер туралы ақпарат пайда болды. ҚАЖ департаменті осы факт бойынша қызметтік тергеу жүргізген.
"Тексеру барысында сотталғандардың бірінің туыстары мекеме әкімшілігіне шағымданғаны анықталды. Колония қызметкерлерін заңсыз әрекеттерге айыптай отырып, сотталғандардың туыстары шағымдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен қорқытты. Қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, мекеме бастығының орынбасары сотталғанды колонияға келген туыстарына БӨП торы арқылы көрсетуді тапсырды", - делінген хабарламада.
Кейіннен бұл жағдай БАҚ өкілдеріне сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігімен заңсыз кездесу ретінде ұсынылған.
"Сондай-ақ, бейнежазбаларда көрсетілген басқа да деректер бойынша қызметтік тергеу барысында сыбайлас жемқорлық құрамдас бөліктері бар қолданыстағы нұсқаулықтардың бұзылуы анықталған жоқ. Сонымен қатар, қызметтік тергеу нәтижелері бойынша мекеме бастығының орынбасары жіберілген бұзушылықтар үшін атқарып отырған қызметінен босатылды. Бұдан басқа, бірқатар басқа да қызметкерлер, оның ішінде мекеме басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также