14 қараша 2023 12:01

Алматы облысында оқушылар информатика сабағында порно-сайттарға кірген

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: depositphotos.com

Алматы облысында мектеп оқушылары информатика кабинеттерінде порно сайттарға кірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында мектеп оқушылары информатика кабинеттерінде порно сайттарға кірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Талдау барысында Алматы облысының прокурорлары мектептерде (452 ​​информатика кабинеті) тыйым салынған немесе ұсынылмайтын мазмұндағы контентті оқушылардың еркін көру дерегін анықтады.

"Мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицидтік және порнографиялық сайттарға кіргені анықталды. Тексеруден кейін облыстағы барлық білім беру ұйымдарында мұндай сайттарға интернетке кіруге шектеулер орнатылды", - деді прокурорлар.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, прокурорлардың талап-арызымен аталған 8 интернет-ресурс соттармен заңсыз деп танылып, республика бойынша таратылуы шектелген. 48 мектеп қызметкері жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram