08 қыркүйек 2022 | 17:11

Алматы облысында өрт қойған ер адам кім екені белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

7 қыркүйекте You Tubе-арнасындағы "Бәсе" парақшасында "МЧС поджигает Казахстан. Установлена личность поджигателя из Алматы" атаумен бейнеролик жарияланған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

7 қыркүйекте You Tubе-арнасындағы "Бәсе" парақшасында "МЧС поджигает Казахстан. Установлена личность поджигателя из Алматы" атаумен бейнеролик жарияланған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейнероликте өртті ұйымдастырғандардың бірі өртке қарсы қызмет қызметкері Жанат Өтеулиев екені айтылған. Бейнероликте көрсетілген азамат Алматы қаласы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ № 5 мамандандырылған өртсөндіру бөлімінің қызметкері, аға өртсөндіруші, азаматтық қорғау сержанты, 1983 жылы туған Жанат Ерғалиұлы Өтеулиев болып шыққан. Ол азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарған.

Реклама
Реклама

Өтеулиевті Алматы облысы Жамбыл ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 440-бабы 1-бөлімі және 505-бабы 1-бөлім бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Тексеру шаралары барысында Өтеулиев құрғақ шөпті өртеу бойынша өз әрекетін түсіндіре алмаған, себебі ол қатты мас күйде болған. Қазір қызметтік тергеп-тексеру тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная