Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Желіде Алматы облысының Балқаш ауданында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болғаны туралы ақпарат тарады. БАҚ мәліметінше, 38 жастағы әйел полицей болып істейтін жұбайы мінген көліктің астына түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Желіде Алматы облысының Балқаш ауданында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болғаны туралы ақпарат тарады. БАҚ мәліметінше, 38 жастағы әйел полицей болып істейтін жұбайы мінген көліктің астына түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде де пайда болды.

Жарнама
Жарнама

БАҚ мәліметінше, 16 мамырда Балқаш аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қапшағай – Бақанас тасжолында жұбайын қағып өлтірген. Медиа мәліметтеріне қарағанда, оқиға қызметтік көлікпен болған.

Полиция не дейді?

Алматы облысы Полиция департаменті әйелдің қаза болғанын растады. Қылмыстық іс қозғалды.

ПД мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Оқиға салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. Қазіргі уақытта болған жайттың барлық мән-жайын объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицияның баспасөз қызметі қызметкердің қатысы бар-жоғы туралы ақпаратты растамады да, жоққа да шығармады.

Ведомство мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама