07 маусым 2021 | 15:32

Алматы облысында полицейге сатушыны "ұрды" деген айып тағылды

Видеодан алынған

Алматы облысында полицейге сатушыны "ұрды" деген айып тағылды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында полицейге сатушыны "ұрды" деген айып тағылды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Автордың айтуынша, ол жидек бағасын білу үшін жол жиегіне тоқтаған. Сол сәтте құқық қорғау қызметкері мен сатушы арасындағы жанжалдың куәсі болған. Жазбада әйел полиция қызметкері ер адамға қарсы күш қолданғанын айтады.

"Алматы облысы ПД Facebook-тегі жазба бойынша 31 мамырда сағат 15.30 шамасында Рахат ауылдық округі аумағында Құлжа тасжолын патрульдеу кезінде Еңбекшіқазақ АПБ учаскелік инспекторлары заңсыз сауданың жолын кесу мақсатында ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 204-бабы "белгіленбеген орындарда сауда жасау" бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлады.

Сатушының айтуынша, жеке автокөлігімен өтіп бара жатқан әйел көмектесуге уәде беріп, полицей оны ұрғанын айтқызып, видеоны әлеуметтік желіге жариялаған", - деді ведомство өкілі.

Реклама
Реклама

Facebook-те таралған видеода сатушы әйелдің сөздерін растайды және полиция қызметкері оның телефонын алып, сындырып, бетінен ұрғанын айтады.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсінік берді. Полиция тергеу барысында жазба авторы айтқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын анықтаған.

"Ақпарат арандатушылық сипатқа ие. Өйткені ер адам өзінің тағы бір үндеуінде әйелдің өтініші бойынша айтқанын, медициналық тексеруден өтуден бас тартқанын түсіндіреді", - деді ПД өкілі.

Сондай-ақ, сатушының полиция қызметкерлеріне ешқандай шағымы жоғын айтқан видеосы жарияланды.

"Кейін ол әйелден видеоны жарияламауды өтіндім, өйткені полиция қызметкерімен болған мәселе шешілді. Бірақ ол қалғанына "менің қатысым жоғын" айтты", - дейді сатушы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram