10 қараша 2019 | 13:46

Алматы облысында полицейлер үш жасар баланы құтқарып қалды

Алматы облысы полицейлері үш жасар баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы полицейлері үш жасар баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 7 қарашада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Бәйтерек ауылының маңында болған. 

Реклама
Реклама

Сырқат баласымен көлік кептелісінде қалған әке патрульдік қызметтен көмек сұраған.Ол үлкен кептелістің ортасында қалғандықтан, баласын ауруханаға жеткізе алмаймын деп қорыққан. Аймақтық батальонының инспекторлары, майор Асхат Апарбаев пен полиция капитаны Тимур Нұрмугамбетов бірден қол ұшын берген.

Олардың айтуынша, сол күні көліктің көптігінен көлік қозғалысы қиын болған. Өтінішке уақытылы жауап беріп, науқас баламен машинаны 20 шақырым жердегі Есікке жеткізіп, дәрігерлердің қолына тапсырған. 

"Балам кенеттен қатты ауырып қалды. Әйелім екеуміз оны медициналық орталыққа апардық. Бірақ балаға шұғыл реанимациялық көмек қажет болды. Сондықтан орталық аудандық ауруханаға жеткізбекші болдық. Құдайға шүкір, осы жігіттердің арқасында балам аман қалды дейді құтқарылған баланың әкесі Әлихан Сәдуақас.

Бала әлі Есік қаласындағы ауруханада медициналық бақылауда жатыр. 

Ал баласы құтқарылған әке басшылықтан полицейлерді марапаттауды сұраған. Алайда Алматы облысы ДС-нің баспасөз қызметі бұған "Бұл жағдайда полицияның ерлігі емес, тұрғындарға деген жауапкершілік" - деп жауап берді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная