Алматы облысында пойыз екі адамды қағып өлтірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қайғылы оқиға 23 маусымда кешке Отар – Алматы-1 учаскесінде болды. Екі адам жолға шығып кетіп, пойыздың астына түсіп қалған. Оқиғаның мән-жайын "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз қызметі мәліметінше, Ақсеңгір – Боралдай аралығында екі адам белгіленбеген жерде құрамның алдына шығып, теміржолдан өтпек болған. Машинист белгі беріп, дабыл қаққан, бірақ олар назар аудармаған. Арақашықтық тым жақын болғандықтан, пойыз шұғыл тоқтап үлгермеген. Салдарынан екі жаяу жүргінші де оқиға орнында қаза тапқан.

Көліктегі полиция департаменті аталған дерек бойынша екі немесе одан да көп адамның абайсызда қаза болуына әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама