14 мамыр 2023 13:01

Алматы облысында пойыз қойларды қағып кетті

Тұрар Қазанғапов

Орал - Алматы бағытындағы пойыз қойларды қағып кетті. Төрт түліктің иесі жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал - Алматы бағытындағы пойыз қойларды қағып кетті. Төрт түліктің иесі жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Алматы облысындағы Шамалған станциясының маңында болған. Пойыз жолда қалған үш қойдың кесірінен шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Салдарынан екі қой өліп қалған.

Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, пойыз бес минут тоқтауына тура келген. Құқық қорғау органдары қой иесін - 1973 жылы туған Үлгілі ауылының тұрғынын анықтады. Ол мал жаю ережелерін бұзғаны үшін жазаланды, ер адамға ескерту жасалды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram