Алматы облысында республикалық маңызы бар тасжол жабылды

© Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында қатты бұрқасын салдарынан республикалық маңызы бар Үшарал-Достық тасжолы жабылды. Төтенше жағдайлар министрлігі мен "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ басқа да тасжолдарға қатысты мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

28 желтоқсанда сағат 11.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар Үшарал-Достық автожолында барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды.

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ және "ҚазАвтоЖол" ЖШС хабарлауынша, сағат 11.00-ден бастап жел, бұрқасын, боран мен көрудің нашарлауына байланысты Үшарал - Достық" тасжолында 84-184 шақырым аралығында барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды", - делінген ТЖМ сайтында. 

Реклама
Реклама

Құтқарушылардан осы бағыт бойынша жүрмеуді, 112 қызметінің хабарламаларын ескеруді және алыс сапарға шығар алдында ауа райын қарап шығуды сұрайды. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі бүгінде бұл қозғалысы шектеулі жалғыз тасжол екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама