14 қазан 2021 13:34

Алматы облысында сапасыз жол үшін 223 адам жазаланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Алматы облысында жыл басынан бері сапасыз жолдың салынуына жол бергені үшін және салынған жолды күтіп ұстамағаны үшін 223 лауазымды тұлға  жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жыл басынан бері сапасыз жолдың салынуына жол бергені үшін және салынған жолды күтіп ұстамағаны үшін 223 лауазымды тұлға  жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

Жыл басынан бері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысы ПД ӘПБ жол-техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері жалпы қолданыстағы автожолдарға 2050 тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша жол ұйымдарына анықталған кемшіліктерді жою үшін 2056 тапсырма жіберілді.

"Жолдарды дұрыс күтпеу жол-көлік қозғалысы ережелерін бұзумен қатар, апаттың көп болуының басты себептерінің бірі. Апаттар автокөлік жолдарының жабылмаған тесіктерінен, шұңқырлардан және заңсыздықтардан болады. Жолдың сапасы апаттың болуына тікелей себепкер екенін ескеруіміз керек. Осыған байланысты 223 лауазымды тұлға жолдарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы бойынша 8 459 300 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік материалдар жасалды", - деді Алматы облысы ПД ӘПБ бастығының міндетін атқарушы Серікжан Әбжанов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram