Алматы облысында тағы бір “алтын адам“ табылуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматы облысында тағы бір “алтын адам“ табылуы мүмкін Видео кадры: "Жетінші арна"

Алматы облысынан тағы "Алтын адам" табылды деген болжам бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Седьмой канал" сюжетіне сілтеме жасап.

Алматы облысынан тағы "Алтын адам" табылды деген болжам бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Седьмой канал" сюжетіне сілтеме жасап.

Ұйғыр ауданындағы археологиялық қазба кезінде Тоғызбұлақ-1 қорымынан сақ дәуіріне тиесілі алтын әшекей табылған. Телеарна мәліметінше, 1969 жылы Есік қаласынан табылған бұйымға ұқсас.

Қарадала өңірінің тек осы аумағында 50-ге жуық сақ қорғаны бар. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары екі айда алты обаны зерттеп шыққан. Қорымнан табылған жалпы 30 шақты жәдігердің ішінде алтын жүзік, шолпы, салпыншақ, әртүрлі пішіндегі қапсырма, алқа бар. Алтын тісқап пен қошқар мүйіз әшекейлер де жақсы сақталған.

Жарнама
Жарнама

"Бұл жерде де алтын адам жерленуі мүмкін деген ой бар. Бірақ біраз қорған өз заманында тоналып кеткен. Әйтсе де өз заманындағы билік өкілдерінің обалары саналады. Бұл жерден шыққан алтын бұйымдар, тұспалдап айтқанда, біздің заманымыздан бұрынғы 4, 3 ғасырларға жатады деп отырмыз", - деді экспедиция жетекішісі Досбол Байқонақов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама