Алматы облысында тағы үш үй карантинге жабылды

Фото: Әлихан Сариев

Талдықорғанда үш тұрғын үй карантинге жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдықорғанда үш тұрғын үй карантинге жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақ әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста коронавирус жұқтырған тағы 3 жағдай тіркелген. Барлығы - Талдықорған қаласының тұрғындары. COVID-19 ПТР талдауы арқылы анықталған.

"Алдымен облыстық аурухананың провизорлық бөліміне жеткізілген науқастар Талдықорған әскери госпиталіне ауыстырылды. Олармен 15 адам байланыс жасаған. Барлығын медицина қызметкерлері бақылауға алды. Эпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Талдықорған бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қаладағы үш үй 14 күндік карантинге жабылған.

"Бұл үйлерде коронавирус жұқтырып ауырып қалған науқастармен байланыста болған 135 адам анықталды. Жалпы Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 209-ға жетті. Соның ішінде Талдықорған қаласында 10 жағдай тіркелген", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама