ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қыркүйек 2023 | 14:49
Алматы облысында тіл фестивалі өтті
Кеген аудандық мәдениет үйінде «Тіл фестивалі 2023 жыл» өтті. Іс-шараның басты мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл ахуалына жете көңіл бөлу және тіл саясатын іске асыру болып табылады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кеген аудандық мәдениет үйінде «Тіл фестивалі 2023 жыл» өтті. Іс-шараның басты мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл ахуалына жете көңіл бөлу және тіл саясатын іске асыру болып табылады.
Тіл фестиваліне арнайы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің лингвистикалық басқармасының бас сарапшысы Жанар Болатқызы Асанова, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев, Қазақ композиторы, күйші, домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Секен Кәрімұлы Тұрысбеков, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Данияр Дүйсенбіұлы Ахметов, облысымызға танымал, зиялы қауым өкілдері Қалимолда Байболов, тіл жанашыры Кәмнұр Тәлімұлы, дінтанушы, тіл жанашыры Керімбай Санжар, Айбек Нәби, сонымен қатар аудан, қала әкімдерінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарлары, тілге жауапты бөлім басшылары мен мамандары, ұйым төрағалары мен төрайымдары, жастар өкілдері қатысты.
Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы мамандары әзірлеген ересек тұлғаларды оқытуға бағытталған «Алатау» оқу-әдістемелік кешенінің бастапқы деңгейге арналған оқу құралының тұсаукесері өтті.
Осы орайда, тіл саясатын іске асыру барысында белсенділік танытып жүрген тіл жанашырларын ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің және Алматы облысы әкімінің Құрмет грамоталары, алғыс хаттарымен марапатталды.
Аталмыш мерекеде Қазақ композиторы, күйші, домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Секен Кәрімұлы Тұрысбеков, Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Данияр Дүйсенбіұлы Ахметов және Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаевқа құттықтау сөз кезегі берілді.
Шара Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Парасат және Құрмет ордендерінің иегері, "Көңіл толқыны" күйінің авторы Секен Тұрысбековтың сүйемелдеуімен Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармония жанындағы «Ақжауын» ансамблінің өнерімен жалғасын тапты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Материал Алматы облысының әкімдігімен ұсынған
Показать комментарии
Читайте также