24 наурыз 2020 | 15:32

Алматы облысында төтенше жағдай режимі кезінде көкпар берген ер адам жазаланды

Көрнекі сурет © Tengrinews.kz

Төтенше жағдай режимінде көкпар берген Алматы облысының тұрғыны жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдай режимінде көкпар берген Алматы облысының тұрғыны жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының полициясы облыс аумағында бір топ ер адамның облыстағы елді-мекендердің бірінде жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерге қауіп төндіріп, көшеде көкпар тартқаны туралы бейнежазбаны тапты.

Реклама
Реклама

Анықтау барысында оқиғаның биыл 23 наурызда сағат 17-00 шамасында Шамалған ауылының Жібек жолы көшесінде түсірілгені белгілі болды.

"Қазіргі уақытта ұлттық ойынның ұйымдастырушысы анықталды. Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жасаған әрекеті бойынша құқық бұзушының қазіргі төтенше жағдайдың ауқымдылығы мен маңыздылығын сезінбегені белгілі.

Оның айтуынша, ол көкпарды “Наурыз мерекесіне” орай ұйымдастырған. Дегенмен елімізде төтенше жағдай жарияланғанын біле тұра, ол қоғамдық шараға ұйытқы болған. Сонымен қатар, ұлттық ойын елді мекендегі жолдың бойында ұйымдастырылған, яғни ол заңнама талаптарын өрескел бұзу болып табылады”,- деп хабарлады Қарасай АПБ басшысы Асхат Данияр.

Бұл оқиға бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес, яғни “Төтенше жағдай тәртібін бұзу” дерегі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, нақты процессуалдық шешім қабылдау үшін материал ауданаралық сотқа жолданды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная