ПОДЕЛИТЬСЯ
26 ақпан 2024 | 17:56
Алматы облысында туған әпкесі балаларды мұрасынан айырған
Алматы облысында туған әпкесі балаларды мұрасынан айырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында туған әпкесі балаларды мұрасынан айырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалардың үйі мен екі жер учаскесі марқұм әкесінен мұраға қалған. Қайтыс болған ер адамның алимент бойынша қарызы болған. Ал кейін оның туған әпкесі балаларға қалған мұраны заңсыз иемденген.
"Г" бұл заңсыз әрекетке қайтыс болған балалардың әкесінің мүлкіне билік етуге құқық беретін қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімін қолдан жасау арқылы барған.
"Балалардың құқығын қорғау және олардың болашағын қамтамасыз ету мақсатында, облыс прокуратурасының талабы негізінде заңсыз әрекеттердің күші жойылып, мүліктер балаларға қайтарылды. Құжаттарды қолдан жасау дерегі бойынша жинақталған құжаттар процестік шешім қабылдану үшін полиция органына жолданды", - деп жазылған хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также