21 мамыр 2021 | 18:14

Алматы облысында тұрғын дәрігерге шабуыл жасады

Алматы облысында тұрғын емханада қабылдау жүргізген дәрігерге шабуыл жасады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында тұрғын емханада қабылдау жүргізген дәрігерге шабуыл жасады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға ШЖҚ "Ескелді аудандық орталық ауруханасы" МКК-да 21 мамырда болған. Тұрғын вакцина алуға келген. Дәрігер вакцинациядан бұрын түсіндіру жұмысын жүргізген.

"Тұрғын келген кезінде ашулы болған және дөрекі сөйлеген. Дәрігер медициналық ұйым, қоғамдық орын екенін ескерткен. Кейін тұрғын әдепсіз сөздер айтып, дәрігерге шабуыл жасаған. Ол дәрігерді басынан ұрып, қылғындырып, беті мен мойын тұсына бірнеше соққы жасаған. Оқиға орнына полиция барды", - деді ведомство өкілі.

Реклама
Реклама

Қазір дәрігер амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Оған мидың шайқалуы, бет пен жұмсақ тіндердің көгеруі мен ісуі диагнозы қойылған. Дәрігерге шабуыл жасаған тұрғынның үстінен Ескелді аудандық ІІБ-не арыз түсті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная