Алматы облысында туристік автобус шатқалға құлап кетті

Алматы облысында туристік автобус шатқалға құлап кетті Бейнеден алынған кадрлар

Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде туристік микроавтобус беткейден сырғып, тереңдігі 150 метрге жуық шатқалға құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде туристік микроавтобус беткейден сырғып, тереңдігі 150 метрге жуық шатқалға құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларды оқырмандар жолдады.

Жарнама
Жарнама

Алматы облысының полициясы департамент қызметкерлері бұл дерек бойынша тексеру жүргізгенін мәлімдеді.

"Биылғы 25 сәуірде Көлсай таулы аймағында көлік, алдын ала мәліметтер бойынша, тұрақ аймағынан беткеймен төмен қарай өздігінен сырғып кеткені анықталды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Көлік иесі полицияға арызданудан бас тартқан, ешкімге ешқандай шағымы жоқ екені атап өтілді.

Кейінірек ТЖМ маңайда болған "Қазселденқорғау" қызметкерлері оқиға орнындағы құтқару жұмыстарына жұмылдырылғанын хабарлады. Олар Алматы облысы ТЖД өкілдерімен бірлесіп, көлікті шатқалдан шығарып алды.

Құтқарушылар таулы жерде қозғалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажетін еске салды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама