ПОДЕЛИТЬСЯ
13 шілде 2023 | 09:18
Алматы облысында ҮАААЖ бағытына алты көшені ұзартуға қанша ақша жұмсалады?
Алматы облысында ҮАААЖ бағытына алты көшені ұзарту жұмыстарына 60 миллиард теңгеден аса қаржы қажет болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында ҮАААЖ бағытына алты көшені ұзарту жұмыстарына 60 миллиард теңгеден аса қаржы қажет болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыс әкімдігі мәліметінше, қазіргі уақытта Абай және Рысқұлов даңғылдарында, сондай-ақ Сайын, Тілендиев және Солтүстік жартылай сақина көшелерінде жол құрылысы жүріп жатыр. Ал Ақын Сара көшесінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге мемлекеттік сараптама оң қорытынды берген.
"Ақын Сара жобасының жалпы құны 18,2 миллиард теңге болады. Келесі жылы республикалық бюджетке екі миллиард теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге өтінім жіберіледі.
Алматы шекарасынан ҮАААЖ-ға дейінгі қалған бес радиал жолдың құны 42,4 миллиард теңге болады. Бұл сома былтыр енгізілген түзетуді ескере отырып", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.
Бөлінген қаражат былай бөлінді:
- Рысқұлов даңғылына – 6,5 миллиард теңге;
- Абай даңғылына – 7,3 миллиард теңге;
- Солтүстік жартылай сақинаға – 7,4 миллиард теңге;
- Сайын көшесіне – 10,6 миллиард теңге;
- Тілендиев көшесіне – 10,6 миллиард теңге.
Былтыр жобаларға республикалық бюджеттен 8,5 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 710 миллион теңге бөлінгені атап өтілді.
Бүгінде барлығы 14,6 миллиард теңге игерілген. Оның бір миллиарды – республикалық бюджеттен, 955 миллионы – жергілікті бюджеттен, 12,6 миллиарды – Ұлттық қордан.
Биыл республикалық бюджеттен 11,6 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде Рысқұлов пен Абай даңғылы бойынша әрқайсына 1,8 миллиард теңге, Тілендиев көшесіне - 2,5 миллиард теңге, Солтүстік жартылай сақинаға - 2,7 миллиард теңге, Сайын көшесіне - 2,8 миллиард теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также