ПОДЕЛИТЬСЯ
16 мамыр 2021 | 15:20
Алматы облысында үйін сағынған сарбаз әскерден қашып кетті
Алматы облысында сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық гвардиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық гвардиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданынан шақырылған, 5574 әскери бөлімінің (Алматы облысы, Заречный ауылы) әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев белгісіз бағытта өз еркімен кетіп қалды.
Әскери қызметшіні іздеу ұйымдастырылып, өзара әрекеттесуші органдарға хабарланды. Әскери полиция қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаевты 16 мамырда түнгі сағат үште Сарыөзек станциясында ұстады. Жауынгер үйін сағынған соң әскери бөлімнен кетіп қалғанын айтады.
Қазір Мырзабаев борышын өтіп жатқан әскери бөлімге жеткізілді. Әскери қызметшінің әскери бөлімнен өз бетінше кетіп қалуы дерегі бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр, соған балйанысты қатардағы жауынгер Мырзабаевқа қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолданылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также