22 шілде 2022 | 16:59

Алматы облысында VIP-нөмірлерді төлемсіз беру дерегі анықталды

Сұлу Бөлек Корреспондент

Алматы облысында мемлекеттік баж салығын төлемей, сұранысы жоғары көлік нөмірлерін берудің 450 дерегі анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында мемлекеттік баж салығын төлемей, сұранысы жоғары көлік нөмірлерін берудің 450 дерегі анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік нөмірлерін баж салығын төлемей беру нәтижесінде бюджетке 135,7 миллион ​​теңге түспегені айтылды. Сандық және әріптік мәндері бірдей нөмірлер үшін алым 174 000 теңгеден 872 900 теңгеге дейін өзгереді.

Сондай-ақ, облыста 13,5 миллиард теңгеге алым төлемей автокөлік құралдарын бастапқы тіркеудің 2 329 дерегі анықталды.

Реклама
Реклама

"Бұл деректер міндетті төлемдерді нақты төлемей қызметтерді алудың жүйелі тәсілін көрсетеді, бұл бюджетке айтарлықтай шығын әкелді.

Қазір әкімшілік полиция қызметтерді стандартты емес жолмен алған тұлғалардан түспеген алым мен баж салығын өндіріп алу бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тексеру материалдары кінәлі тұлғалардың тобын анықтау және тиісті шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді", - деді МКК өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная