ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қазан 2022 | 12:03
Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр
Талғар ауданында мектеп оқушысы жоғалып кетті. Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, жасөспірім бір айдан астам уақыт бойы іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Талғар ауданы, Көкдала ауылының 2007 жылы туған 14 жастағы тұрғыны Қасейін Мұрал 11 қыркүйек сағат 14:00 шамасында шөп шабуға үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.
Бойы 165 сантиметр, дене бітімі орташа, көздері қоңыр, шашы қара. Үстінде ашық сұр түсті жемпір, қара шорты, аяқтарында қызыл кроссовка болған. Іздестіріліп жатқан жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз 8 701 375 92 91 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуды сұраймыз", - деп жазды Рустам Әбдірахманов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также