Алматы облысындағы 10 жастағы баланың өлімі: картинг директоры күдікті деп танылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Алматы облысындағы 10 жастағы баланың өлімі: картинг директоры күдікті деп танылды Видеодан алынған кадр

Алматы облысында 10 жастағы баланың қайғылы қазасынан кейін картинг директоры күдікті деп танылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында 10 жастағы баланың қайғылы қазасынан кейін картинг директоры күдікті деп танылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іле ауданында картингте қайтыс болған баланың дерегі бойынша полиция қылмыстық кодекстің 306-бабы "абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызметтер көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Қылмыстық іс материалдары бойынша 41 жастағы картинг орталығының директоры күдікті деп танылды. Тергеу барысында күдіктіге қатысты "келуге міндетті" процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды", - деді ПД.

Жарнама
Жарнама

Істің мән-жайын анықтау үшін бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

"Қылмыстық істі департаменттің тергеу бөлімі бақылауға алды", - деді ведомства.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама