15 қыркүйек 2019 | 23:10

Алматы облысындағы жол апатына байланысты жедел желі ашылды

Алматы облысында пойыз бен автобустың соқтығысқан жерінде жедел штаб құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында пойыз бен автобустың соқтығысқан жерінде жедел штаб құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қарасай ауданы Шамалған станциясындағы темір жол желісінде болған апатқа байланысты Алматы облыстық төтенше жағдай департаменті жедел штаб құрады.  Мына телефондар бойынша жедел желі ашылды: (87282) 220213, 220018. Сондай-ақ, Алматы қалалық ТЖД мына телефондар бойынша жедел желі ашты: (87282) 220213, 220018", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, төтенше жағдай "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған. Автобус жүргізушісі дабылға қарамастан теміржолға өтіп кеткен. Нәтижесінде автобус пойызбен соқтығысқан. Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, тоғыз адам зардап шеккен. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан адамның туыстарына көңіл айтты. Төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Алматы облысындағы төтенше жағдайды прокуратура бақылауға алды


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная