Алматы облысындағы өрт аумағы 100 гектарға дейін азайтылды

ТЖМ

Алматы облысында қамыстан шыққан өрт аумағы 100 гектарға дейін азайтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында қамыстан шыққан өрт аумағы 100 гектарға дейін азайтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өртсөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен Іле-Балқаш резерватынының аумағында болған (кішігірім аралдарда және кірме жолдары жоқ жетуі қиын батпақты жерлерде) өрттің жану аумағы 100 гектарға дейін азайтылды.

Реклама
Реклама

ТЖД және "Іле-Балқаш" МҰБ" РММ күштерімен қол шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу жүре отырып 5-кварталда өрт сөндіру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің өтуін болдырмау үшін орман шаруашылығы күштерімен жер жырту жүргізіліп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ.

2023 жылғы 28 маусымда сағат 13-40 сағаттан бастап табиғи өртті сөндіру үшін "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-872 тікұшағы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта көлемі 21 тонна 7 су ағызу жүзеге асырылды.

Өрт ошақтарын сөндіруге ТЖД және "Іле-Балқаш" МҰБ" РММ 70-ке жуық қызметкер және 34 бірлік техника жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама