13 қазан 2021 | 10:02

Алматы облысындағы саяжай тұрғындары қыста жылусыз қалуы мүмкін

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Алматы облысындағы "Жастар" саяжай кооперативінің тұрғындары шаруа қожалығының иесі жүргізетін жаңа құбырдың кесірінен барлық үйге газ жетпейтінін айтты. Жергілікті тұрғындар кәсіпкердің рұқсат құжаттары жоқ екеніне сенімді. Бұл істі әкімдік қызметкерлері тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Almaty.tv. арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысындағы "Жастар" саяжай кооперативінің тұрғындары шаруа қожалығының иесі жүргізетін жаңа құбырдың кесірінен барлық үйге газ жетпейтінін айтты. Жергілікті тұрғындар кәсіпкердің рұқсат құжаттары жоқ екеніне сенімді. Бұл істі әкімдік қызметкерлері тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Almaty.tv. арнасына сілтеме жасап.

Жылу мәселесі былтырғы қыстан басталған. Құбырдағы қысым жеткіліксіз болғандықтан, газ аз мөлшерде келген. Пешті толық қуатқа қоюға тура келген, сондықтан көгілдір отын қымбатырақ болған.

Олардың айтуынша, биыл жағдай ушығуы мүмкін. Дау тудырған газ құбыры шамамен 60 үйді отынмен қамтамасыз етеді. Оған тағы бір құбыр қосып, шаруа қожалығына дейін созуды жоспарлап отыр екен. Жергілікті тұрғындар қысым одан да төмендеп кетеді деп қорқады.

Реклама
Реклама

Ауыл тұрғындары шаруа қожалығының кооперативке ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

"Неге газды біз арқылы тартады? Бұл - біздің жеріміз, фазенда бір шақырым жерде, газ жеткенше, қысым төмендеп кетеді. Адамдар келіп, жұмыс істей бастады, біз олармен бірден дауластық. Олар бәрі заңды екенін айтты, бірақ ешқандай құжаттары мен рұқсаттарын көрсетпеді. Олардың кім екенін, кімге жұмыс істейтінін білмейміз", - деді Ащыбұлақ ауылдық округінің тұрғыны Айман Бітімшинова.

Газ құбырын кім орнатқанын анықтау мүмкін болмады. Шаруа қожалығының иесі түсініктеме беруден бас тартты, бірақ газ орнатып жатқан адамның нөмірін берді.

Ауыл әкімдігі құжаттарды тексеріп, бәрін реттейтінін айтты. Кооператив тұрғындары жылусыз қалмайды.

"Біз олардан ЖСҚ бар ма, жоқ па, соны сұраймыз. Егер жобалық-сметалық құжаттама қарастырылған болса, бір құбырға екі немесе одан да көп құбыр қосуға болса, ешқандай мәселе болмайды. Ал егер бәрі заңсыз болса, ешқандай рұқсат құжаттары болмаса, біз бәрін ретке келтіреміз", - деп сендірді Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Жасұлан Оңалбаев.

Тұрғындар қандай жолмен болса да жаңа газ құбырын жүргізуге мүмкіндік бермейтінін айтты. Өйткені ешкім олардан жұмыс істеуге рұқсат сұрамаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная