Алматы облысындағы тасжолда жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тауып, бір адам зардап шекті. "Алматы-Астана" тасжолының 56 шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 26 ақпанда BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Mondeo автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford өртеніп кеткен. Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
"Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдықты асыру, қарама-қарсы жолаққа шығу, рөлдегі немқұрайлық – қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Бір жасалған қателік – адам өмірімен тең. Жолда сақ болып, өзіңізге және айналаңыздағы адамдарға қамқор болыңыздар!"
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!