14 наурыз 2022 21:43

Алматы облысының әкімі Жаркенттегі резиденциясынан бас тартты

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Жаркенттегі резиденциясынан бас тартты. Өңір басшысы ғимаратты балалар оңалту орталығына айналдыруды тапсырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің кеңесшісіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Жаркенттегі резиденциясынан бас тартты. Өңір басшысы ғимаратты балалар оңалту орталығына айналдыруды тапсырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің кеңесшісіне сілтеме жасап. 

Әкімнің 900 шаршы метрлік бірқабатты резиденциясының жалпы 2013 жылы салынған. Бозымбаевтың сөзінше, Жаркенттегі ғимарат оған қажет емес.  

"Ғимарат қажет емес. Ауданда жақсы үйлер, кафелер де бар. Сондықтан резиденцияны балалар оңалту орталағына айналдыруға бердім. Бұл өте маңызды және қажет нысан", - деді облыс әкімі. 

Реклама
Реклама

Резиденцияда бір гектар аймақ бар. Ғимарат сұйық отынмен жылытылады, сондай-ақ дизель генераторы бар. Резиденцияға 14 адам қызмет етеді: шаруашылық меңгерушісі, шебер, IV санаттағы екі жұмысшы, төрт күзетші, аумақты жинаушы екі адам және ғимаратты тазалаушы екі адам, сондай-ақ электрик және сантехник бар.

Өткен жылы резиденцияға 18,3 миллионнан астам теңге жұмсалған. Оның 10,6 миллионы қызметкерлердің жалақысына, 7,1 миллионы коммуналдық қызметтерге, 600 мыңы басқа шығындарға кетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады