08 сәуір 2022 14:45

Алматы облысының әкімдігі ойынхана ғимаратына көшу туралы ақпаратқа қатысты жауап берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрация: elements.envato.com

Алматы облысының әкімдігі ойынхана ғимаратына көшу туралы ақпаратқа қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының әкімдігі ойынхана ғимаратына көшу туралы ақпаратқа қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының әкімдігі Қапшағайдағы казинолардың бірінің ғимаратында орналасады деген ақпарат таралды. Хабарламада мемлекеттік мекеме уақытша Қонаевтағы (қала әлі Қапшағай деп аталады) "Фламинго" ойынханасында орналасатыны айтылған. Алайда Алматы облысының әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және жалған екенін мәлімдеді.

"Бұл жалған ақпарат, қауесет сөз. Жұмыс комиссиясы құрылды және қаладағы әртүрлі нысанды қарап жатыр. Әкім аппараты орналасатын ғимарат әлі қаралып жатыр", - деді облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Руслан Сарсеев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram