ПОДЕЛИТЬСЯ
15 тамыз 2022 | 12:55
Алматы облысының бұрынғы әкімі жүргізушісіне берілген пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды
Жетісу облысы Талдықорған қаласы әкімдігі Алматы облысының бұрынғы әкімі жүргізушісінің заңсыз алынған пәтерін мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жетісу облысы Талдықорған қаласы әкімдігі Алматы облысының бұрынғы әкімі жүргізушісінің заңсыз алынған пәтерін мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысы экс-әкімі Амандық Баталовтың жүргізушісі 2015-2020 жылдар аралығында пәтер алған. Қалалық тұрғын үй комиссиясының тексеруі кезінде баспана заңсыз берілгені белгілі болды.
"Оған Талдықорған қаласының 8-шағынауданынан қызметтік тұрғын үй берілген. Пәтер бір бөлмелі. Ол енді Баталовтың жүргізушісі болмағандықтан, пәтер тұрғын үй-коммуналдық қорына қайтарылды", - деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов Tengrinews тілшісіне.
Бүгінде Талдықорғанда заңсыз алынған 30-дан аса пәтер мемлекет меншігіне қайтарылған. Тізімде қазіргі және бұрынғы шенеуніктер де бар.
Еске салайық, бұған дейін Талдықорғанда кейінгі 5 жылда 1 062 пәтер заңсыз таратылғаны белгілі болған еді. Оның ішінде 680 пәтерді халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдар алса, тағы 383-і мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлерге берілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также