Алматы облысының жаңа әкімі Сұлтанғазиевтің ағасы қызметінен кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Gov.kz сайтынан

Алматы облысының жаңа әкімі Марат Сұлтанғазиевтың ағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының жаңа әкімі Марат Сұлтанғазиевтың ағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуат Сұлтанғазиев өз еркімен қызметінен босатылды. Ақпаратты Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі растады.

"Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болып тағайындалуына байланысты, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуат Сұлтанғазиев өз еркімен Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен босатылды", - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Реклама
Реклама

Қуат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметін бірнеше ай ғана атқарып үлгерді. Ол бұл қызметке биыл ақпанда тағайындалған болатын.

Қуат пен Марат Сұлтанғазиев ағайынды. Бүгін ел Президентінің Жарлығымен Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметіне кірісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама