18 қаңтар 2022 | 17:22

Алматы облысының коменданты тұрғындарға үн қатты

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы облысының коменданты Серік Күдебаев тұрғындарға үн қатты. Өз мәлімдемесінде ол азаматтардан заңсыз шерулерге қатысудан бас тартуын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының коменданты Серік Күдебаев тұрғындарға үн қатты. Өз мәлімдемесінде ол азаматтардан заңсыз шерулерге қатысудан бас тартуын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Серік Күдебаев облыс аумағында террористік қауіптің "қызыл" деңгейі әлі де жалғасып жатқанын еске салды.

Оның айтуынша, 19 қаңтардан бастап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында облыстың барлық аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Реклама
Реклама

"Әлеуметтік желілерде жеке тұлғалар ертең, яғни 19 қаңтарда заңсыз шерулер мен митингтерге қатысуға шақыратын үндеу жасап жатыр. Осыған байланысты митингілерді ұйымдастыру мен өткізу тәртібі "Қазақстанда бейбіт жиналыстар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" заң шеңберінде жүзеге асырылуы керек екенін айтқым келеді. Алайда ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органдарға бейбіт жиналыстар ұйымдастыру, өткізу туралы хабарлама, өтініш берген жоқ. Сондықтан заңды бұзатын бейбіт жиналыстарға қатысу және ұйымдастыру құқыққа қарсы әрекет ретінде саналады. Ал салдары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады", - деп мәлімдеді Күдебаев Instagram-да.

Бұл ретте, облыс коменданты шаралар азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын айтты.

"Құрметті жерлестер, сіздерді қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатуға бой алдырмауға және заңсыз шерулерге қатысудан аулақ болуға шақырамын. Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқықбұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ, оларға жол бермеу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдайды", - деді ол.

Комендант қазақстандықтарға шоқыну мерекесіне байланысты жаппай шомылудан бас тартуды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная