20 қаңтар 2020 12:17

Алматы облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді

© Яндекс.Карта скриншоты

Талдықорған және Текелі тұрғындары жер асты дүмпулерін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорған және Текелі тұрғындары жер асты дүмпулерін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жер сілкінісі 20 қаңтарда 11.31-де тіркелді.

Реклама
Реклама

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 231 шақырым жерде Текелі қаласы мен Рудничный ауылы арасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық классы - 11.3. Магнитуда - MPV 4.7.

Сезілуі туралы мәліметтер (МSК-64 шкаласы бойынша): Текелі - 3-4 балл, Талдықорған - 3 балл.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram