ПОДЕЛИТЬСЯ
19 наурыз 2020 | 10:41
Алматы облысының тұрғындары карантиннің бірінші күні қалаға кірмек болды
Алматы облысының тұрғындары карантиннің алғашқы күні Алтын Орда маңында жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысының тұрғындары карантиннің алғашқы күні Алтын Орда маңында жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Желіде қаладан шығаберістегі блок-пост маңында облыс тұрғындарының жиналғаны түсірілген видео жарияланды. Видео кадрларынан бірнеше көлік пен ұзын-сонар кезекті көруге болады.
Қалалық полиция департаментінің өкілдері бұл видеоға қатысты пікір білдірді. Полицейлердің мәліметінше, видео Алматының шетінде түсірілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Блок пост Алтын орда. Кажется въезд в г. Алматы только по пропуску с места работы.
Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz) 18 Мар 2020 в 8:27 PDT
"Халыққа карантин жарияланып, қалаға кіру туралы хабарланып, ескертілгенімен олар жалпы нормаға бағынғысы келмей жатыр. Қазір мен осындамын, жағдай тұрақты", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Еске салайық, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также