ПОДЕЛИТЬСЯ
25 ақпан 2023 | 08:43
Алматы облысының тұрғындары қый татитын су ішуге мәжбүр
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащыбұлақ ауылының тұрғындары қый татитын су ішіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащыбұлақ ауылының тұрғындары қый татитын су ішіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Тұрғындардың айтуынша, ауылдағы құбырдың бәрі ескерген. Жиналған қоқыс бәрі ауыз суға келіп қосылады.
"Су құбырының ауыстырылмағанына 50 жыл толды. Мұнда малдың нәжісі толып қалған", – деді Ащыбұлақ ауылының тұрғыны Нұрлан Билібаев.
Алайда ауыл әкімінің орынбасары судың тезек татитынын жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұған дейін тұрғындар шағым айтпаған. Алайда ауылдағы құбыр жүйелерінің ескі екенін мойындады.
"Қазір ауылда 446 тұтынушы бар. "Су қый татиды" деген сөз шындыққа жанаспайды. Ал құбырлардың ескі екені рас. Оларды ауыстырамыз", – деді Қазақстан ауылдық округі әкімінің орынбасары Марат Нұрланұлы.
Мәселеміз бастан асады деген мұқым ел, кей көшелерде тіпті су құбырының тартылмағынын тілге тиек етті. Сондықтан күні түні тасып ішуге мәжбүр.
"Көшенің басында тұрамыз, су жоқ. Кешке дейін есек арбамен отын, су тасимын", – деді Ащыбұлақ ауылының тұрғыны Гүлшархан Әбдіманапқызы.
Сала мамандарының сөзінше, Еңбекші қазақ ауданына қарасты Қазақстан, Ащыбұлақ сынды бірнеше елдімекенде су жайы өте өзекті.
"Ащыбұлақ ауылындағы ауыз су құбырлары 1959 жылы салынған. Олар 40 пайыз тозып кеткен. Жергілікті бюджеттен 300 миллион ақша бөлінді, қалған қаражат республикалық бюджеттен биыл қарастырылады. 2 кезең бөліп, құрылыс жұмысын бастаймыз", – деді "Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй испекциясы бөлімі" ММ басшысының орынбасары Дәурен Мәлібеков.
Жобаға жұмсалуға тиіс қаржы бөлінсе де, құбыр жүргізу жұмыстары 2024 жылға дейін созылады. Өйткені бөлінген ақшаны игеру үшін мердігер мекемеге анықтау қажет.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также