14 қаңтар 2023 17:36

Алматы облысының тұрғыны пойызбен 12 келі марихуана әкетпек болған

Шу станциясында пойызбен Алматыға 12 келі есірткі жеткізбек болған Алматы облысының тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шу станциясында пойызбен Алматыға 12 келі есірткі жеткізбек болған Алматы облысының тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, биыл 10 қаңтарында Шу станциясында теміржол вокзалының перронынан тыйым салынған затты арнайы ит тауып алған.

"Алматы облысының 30 жастағы тұрғыны ұсталып, оның сөмкесінен жалпы салмағы 12 келі 480 грамм "марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленді. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі, яғни есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады", - деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.

Реклама
Реклама

Күдікті Шу ауданында жабайы қарасора жинап, оларды Алматыға пойызбен тасымалдауды жоспарлағаны анықталды.

"Қазір ұсталған ер адам полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция полковнигі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram