Алматы орталығында аюды видеоға түсірді

viewings icon 1163
© instagram.com/almaty_brothers © instagram.com/almaty_brothers

Әлеуметтік желіде Алматы орталығында аю жүр деген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желіде Алматы орталығында аю жүр деген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеода аюдың жүргені көрінеді. Оның тұмағасы бар және мойнына жіп байланған. Видеоның авторы осы жағдайдың Алматы орталығында болғанын айтады. 

Реклама
Реклама

Бұл аю мәскеулік циркке тиесілі екені анықталды. Жыртқышты таза ауамен демалуы үшін сыртқа алып шыққан екен. 

"Аюдың қонжықтары таза ауада демалуы керек. Оларды тек хайуандарды үйретуші алып шығады. Бұл видео бүгін алматылық циркте түсірілді. Бұрышта хайуандарды үйретуші Федор Шандурин тұр. Біздің жыртқыштар біреудің қарауынсыз серуендемейді", - деді Запашный циркі директорының орынбасары Парвиз Гаджиев.

Аюдың аты - Афанасий. Ол және оның ағалары Зохан және Тедди лақапатымен танылған аюлар циркте жұмыс істейді екен. 

"Бұл аюларды Красноярск өлкесінен тауып алған, олардың ата-анасын өлтіріп кеткен. Біздің мамандар оларды алып, цирк артисі етіп шығарды. Қазіргі уақытта олар манежде өнер көрсетеді. Сондай-ақ, циркте уссурилік жолбарыстар, жылқылар мен иттер өнер көрсетеді", - деді Гаджиев. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная