02 ақпан 2021 | 18:16

Алматы орталығында көлік жуу нысаны сүрілді

Алматының орталығында ірі коммерциялық нысан бұзылды. Сот шешімі бойынша көлік жуу орны мен бірқатар коммерциялық нысан сүрілді. Бұл туралы қала құрылысын бақылау департаментінің қызметкерлері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматының орталығында ірі коммерциялық нысан бұзылды. Сот шешімі бойынша көлік жуу орны мен бірқатар коммерциялық нысан сүрілді. Бұл туралы қала құрылысын бақылау департаментінің қызметкерлері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Автокөлік жуу нысаны Қарасай батыр көшесінде, Әйтиев көшесінің қиылысында орналасқан.

Реклама
Реклама

"Тексеріс нәтижесінде нысан заңсыз салынғаны анықталған кезде біз сотқа талап-арыз бердік, ол ішінара қанағаттандырылды. Кейін Алматы қалалық сотының шешімі бойынша талап арыздар толығымен қанағаттандырылды", - деді ведомство қызметкерлері.

Басқарма қызметкерлерінің мәліметінше, нысанды пайдалануға қабылдау актісін сот жарамсыз деп танып, оның Алматы қалалық Әділет департаментіндегі тіркеуінің күшін жойған.

Сот орындаушыларымен бірге нысанды бұзу басталып, бүгінде жұмыс толығымен аяқталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная