20 желтоқсан 2023 | 15:53

Алматы орталығында сауда павильондары сүріле бастады

Фото Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы орталығында орналасқан заңсыз сауда павильондары бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы орталығында орналасқан заңсыз сауда павильондары бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Алматы қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша, Достық даңғылы 170/1 мекенжайы бойынша учаскедегі сауда нысандары заңсыз салынған. Осы сауда павильондарын бұзу туралы шешімді сот биыл 2 мамырда шығарды және сот шешімін орындау үшін дүңгіршектерді бөлшектеу жұмыстары басталды.

Реклама
Реклама

"Сол учаскеде орналасқан ғимаратты бұзу бойынша сот процестері де аяқталды.

Бұған дейін басқарма меншік иесіне қатысты 2022 жылғы 28 қазанда Медеу аудандық сотына бұзу туралы талап арыз берген болатын. Биыл 9 маусымда сот шешімі бойынша нысанды бұзу талабы қанағаттандырылды. 2023 жылғы 29 тамызда Алматы қалалық сотының қаулысымен Медеу аудандық сотының шешімі өзгеріссіз қалды", - делінген хабарламада.

Қазір атқару парағы Әділет департаментінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная