07 тамыз 2023 12:30

Алматы орталығында суық су өшіріледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Алматы қаласында кейбір аудан аумақтары судан уақытша ажыратылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласында кейбір аудан аумақтары судан уақытша ажыратылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Медеу ауданының кейбір аумақтары суық судан уақытша ажыратылады.

"8 тамыз күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Медеу ауданындағы Қазыбек би – Назарбаев – Құрманғазы – Қонаев; Қазыбек би – Назарбаев – Төле би – Қайырбеков көшелерінің контурында сумен жабдықтау қызметі уақытша тоқтатылады.

Аталған аумақтардағы тұтынушыларды суық судан уақытша ажырату сумен жабдықтау желілері мен нысандарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын орындауға байланысты.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді "Алматы Су" МКК өкілдері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram