ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қыркүйек 2021 | 18:06
Алматы орталығындағы өрт: полиция тергеу бастады
Алматыда Панфилов пен Арбат жаяу жүргіншілер көшесі маңындағы үйдің өртенуі бойынша полиция тергеу жүргізеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Панфилов пен Арбат жаяу жүргіншілер көшесі маңындағы үйдің өртенуі бойынша полиция тергеу жүргізеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы полициясы мәліметінше, 17 қыркүйекте өрт шыққан төрт қабатты үй туралы материалдар Медеу аудандық полиция бөліміне берілген.
"Барлық қажетті сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді полиция өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы орталығында өрттен шыққан қою түтін тұрғындарды үрейлендіргені хабарланған болатын. 17 қыркүйекте түстен кейін Назарбаев даңғылы мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы маңында қою түтін шығып жатқаны байқалған. Полиция алаңды қоршап, жаяу жүргіншілер мен көліктер қозғалысын шектеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также