Алматы орталығындағы өрт сөндіріліп, екі адам құтқарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматыда Абай даңғылы бойындағы өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Абай даңғылы бойындағы өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қабылданған шаралардың арқасында сағат 15:58-де өрт оқшауланғанын мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, 16:31-де өрт толық сөндірілген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің жалпы аумағы 310 шаршы метрді құраған. Өртсөндірушілер шатырдың едәуір бөлігін, үйді және сауда алаңын қорғап қалған.

Өрт кезінде ТЖД екі адамды, оның ішінде бір баланы құтқарып, 60 адамды, оның ішінде 13 бала эвакуациялаған.

Реклама
Реклама

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті өрт үйдің 1-ші және 2-қабатында орналасқан екі қабатты дәмханадағы қосымшада (ас үйде) орын алғанын, кейіннен өрт үшінші қабаттағы пәтерге ауысқанын түсіндірді.

Өрттен зардап шеккен пәтер тұрғындары қонақүйге орналастырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама