28 наурыз 2024 10:02

Алматы орталығындағы саябақ мемлекетке қайтарылды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы прокуратурасы қала орталығындағы саябақты қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы прокуратурасы қала орталығындағы саябақты қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Алматы прокуратурасы көпқабатты тұрғын үй салу үшін заңды тұлғаға 2,8 гектар жер телімін заңсыз беру дерегін анықтаған. Талдау көрсеткендей, 2007 жылы жергілікті атқарушы орган Алматы Бас жоспардың ережелерін және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын елемей, заңды тұлғаға саябақ аймағы қарастырылған учаскеге жеке меншік құқығын берген.

"Кейіннен бұл жер шамамен 2,3 миллиард теңге өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажы үшін тәркіленді. Уәкілетті орган қадағалау актісін орындау үшін Алматы әкімінің қаулысын және одан кейінгі азаматтық-құқықтық мәмілелерді заңсыз деп тану туралы талап арыз берді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

2024 жылғы 26 наурызда апелляциялық сатыдағы сот талаптарды толық қанағаттандырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram