Алматы орталығындағы су құбыры неден жарылғаны белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы орталығында жарылған су құбырын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы орталығында жарылған су құбырын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше түнде диаметрі 600 мм болатын, 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан су құбыры учаскелерінің бірінде штаттан тыс жағдай туындады. Оның салдарын қазіргі уақытта "Алматы су" МКК апаттық бригадасы қажетті техниканың көмегімен шұғыл түрде жоюда", - деп хабарлады "Алматы су»" компаниясынан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа құбырдың тозуы себеп болған. Ол осыдан елу жыл бұрын пайдалануға берілген.

Реклама
Реклама

"Алматының Бостандық ауданындағы бірқатар үйдің ескі магистралды су құбырының бұзылуына байланысты ажыратылған сумен жабдықтау жұмыстары бірнеше сағат ішінде қалпына келтірілетін болады. Аталған қалалық сектордағы үйлердің тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама