ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қазан 2022 | 17:39
Алматы орталығындағы танымал муралдардың бірі өшірілді
Алматыда апасы мен балалар бейнеленген қала орталығындағы әйгілі муралдардың бірі өшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда апасы мен балалар бейнеленген қала орталығындағы әйгілі муралдардың бірі өшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ожидание" деп аталатын қабырға суреті 2019 жылы IV Халықаралық монументал өнер фестивалі MURAL FEST аясында жасалған. Туынды авторлары – суретшілер Сәуле Сүлейменова мен Қуаныш Базарғалиев (КуБа).
Мурал Сейфуллин көшесіндегі көпқабатты үйдің қасбетінде орналасқан.
Мурал авторы Сәуле Сүлейменова сурет өшірілгенін әлеуметтік желіден білгенін айтты. Өнер иесі ренжігенін жасырмайды.
"Бұл өте жаман. Бізге ешкім ескерткен жоқ. Қабырғаларды жаңарту қажет болса, қалауынша пішіннің айналасын мұқият әктеуге болатын еді. Бірақ ескертуге болатын еді ғой, бұлай істеуге болмайды ғой", - деп шағымданады Сүлейменова.
Жұмыс авторы кейіпкерлердің прототиптері шынайы адамдар екенін айтты.
"Жалпы, бұл қызық оқиға. Менде ескі "Ұлытау" деген фотоальбом бар еді. Оның бір бетінде 80-жылдардағы шағын фото болған. Бірақ ол өте кішкентай еді, көру қиын болатын. Сосын мен бұл суретті дамытып, бірдеңелерді алып тастадым. Бұл үш адам фотода болды, тағы біреу болған, бірақ мен оларды алып тастадым. Тіпті менің бастапқы жұмысымда, апаның қасында отырған қыз, күн көзіне қарап, көзін қысып тұрған болатын. Біз оны үлкен форматта бейнелемек болғанымызда, оның жүзі бұрмаланып кетті. Ақырында одан бас тартуға тура келді", - деп еске алады Сәуле.
Оның айтуынша, мурал әлі 50 жыл тұра алар еді, өйткені оны жасауда жоғары сапалы бояулар қолданылған. Оның үстіне, автордың айтуынша, жұмысты орындау өте қиын болған, енді оны қайталап салу да мүмкін емес.
Осы оқиғаға байланысты Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының әкімдігіне сауал жолдады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также