05 қазан 2020 15:02

Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының бұрынғы бас дәрігеріне 1,2 миллион теңге айыппұл салынды

Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Алмаз Джувашевке айыппұл салынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Алмаз Джувашевке айыппұл салынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады. 

Сәуірде ТКҚСҚБ департаменті дәрігерлер жаппай коронавирус жұқтырғаннан кейін Орталық қалалық клиникалық ауруханада тексеріс жүргізді.

Реклама
Реклама

"Тексеріс кезінде Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен келіспей, Орталық қалалық клиникалық ауруханада инфекциялық төсек-орындар әзірленгені, инфекциялық және соматикалық патологиясы бар науқастар бөлек орналастырылмағаны, жеке қорғаныш құралдары жеткіліксіз болғаны анықталды. Аурухананың бұрынғы бас дәрігері Алмаз Джувашевке қатысты әкімшілік құқықбұзушылық жасалғаны туралы хаттама толтырылды және хаттамада оның заңбұзушылықтармен келісемін деген қолы бар. Барлық материал сотқа жіберілді", - деді санитар дәрігерлер.

Ведомствоның мәліметінше, Джувашев ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 425-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылған. Бұл бап бойынша лауазымды тұлғаларға 460 АЕК (1,2 миллион теңгеден аса) айыппұл салынады.

Еске салайық, сәуірде бұл ауруханада дәрігерлер жаппай коронавирус жұқтырған. Содан соң аурухана жабылды. Бас дәрігер жұмыстан шығарылды. Қазір Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының сайтында Алмаз Джувашев Алматының жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері ретінде көрсетілген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram