26 желтоқсан 2021 14:32

Алматы - Өскемен тасжолы ауа райына байланысты жабылды

Алматы облысында бұрқасынға байланысты жол жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында бұрқасынға байланысты жол жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

"Алматы облысындағы "ҚазАвтоЖол" филиалының мәліметінше, 2021 жылдың 26 желтоқсанында сағат 11.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қою тұман, нөлдік көріну) республикалық маңызы бар Алматы - Өскемен автожолында барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Алматы облысының ТЖД қызметі тұрғындардан осы бағытта жолға шықпауын сұрады.

Реклама
Реклама

Бұған дейін "ҚазАвтоЖол" өкілдері сағат 9-дан бастап республикалық маңызы бар Алматы - Шелек - Қорғас автожолында қозғалыс ашылғанын хабарлаған болатын.

Еске салайық, 25 қарашада Алматы - Қорғас тасжолында 17 көлік апатқа ұшырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram